Солтүстік Қазақстанда бір ауылды су басты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708232434732_small.jpg

Солтүстік Қазақстан облысыТайынша ауданының Донецкое ауылын қар суы алып кеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Адам бойындай боп келген су қора-қопсы мен үйлерді әп-сәтте шайған. Бұған дейін ауылға қауіп төніп тұрғаны мүлдем ескертілмегендіктен жұрт абдырап қалыпты. 300 отбасы бар елді-мекеннің тең жартысы қазір қаңырап тұр. 140 адам көрші ауылға көшірілді. Ал қолдағы мал мен құстың көбі суға тұншығып өлген.

Бұған дейін еліміздің бес облысында 800-ден астам елді мекенді су алу қаупі бар екенін жазған болатынбыз.

 

Қатысты Мақалалар