«Алло» әнімен ел ішіне танымал болған жұп Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның арасына сызат түскен секілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Әлеуметтік желіде қос әншінің бірге ән айтпай кеткені сөз болуда. Мәселен, Ғабит Кәдірбай есімді желі қолданушысы Қызылорда облысы Қазалы ауданында өткен Төреғалидың концертіне Еркенің келмегенін айтады.

Шымкенттік ұстаз Өмір Шыныбекұлы да концертке барған немересінің Еркені көре алмай қайтқанын жазып отыр.
Осылайша жұртшылық «Аллолап» аты шыққан жұрттың қылығын түсіне алмай дал болуда. Жарасымды жұптың бір-бірінен сырт айналуына не себеп болды екен?