Қытайдан оралған қандасымыз - мәслихат депутаты

/uploads/thumbnail/20170708234355566_small.jpg

Қытайдан оралған қандасымыз Ақмола облысында аудандық мәслихатқа депутат болып сайланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

20 наурыздағы сайлауда қандасымыз Ерғали Асқарұлы 56 пайыз дауыс жинап Ақмола облысы Ерейментау ауданы мәслихатының депутаты атанған еді. Арғы беттегі ағайынға үлгі болсын деген ниетпен осы жаңалықты сүйіншілеп жариялап отырмыз.

Ерғали 1989 жылы 1 қарашада Қытай халық Республикасы Алтай аймағы Шіңгіл ауданында дүниеге келген. Сол жердегі бастауыш және негізгі мектепті тәмамдаған. 2005 жылы отбасымен бірге Қазақстанға көшіп келген.  2005-2007 жылдары Ерейментау ауданы  Олжабай батыр ауылы Благодат орта мектебін аяқтаған. 2008-2010 жылдары Астана қаласы «Қаржы академиясы» колледжін техник бағдарламашы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

2011-2012 жылдары  Ерейментау ауданы жұмыспен қамту орталығында техник-бағдарламашы лауызымында болған. 2012-жылдан бері Олжабай батыр ауылының орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі.  Қазіргі таңда Павлодар мемлекеттік педагоикалық институтының информаитка пәні мұғалімі мамандығы бойынша соңғы курста сырттай бөлімде оқуын жалғастыруда. Қазақ орыс тілдерін меңгерген. Үйленген. Бір қыздың әкесі.

Әр түрлі қоғамдық шараларға белсе қатысып жан-жақты қырмен танылып халық қалаулысы атанған  Ерғали алдағы халықтың сенімін ақтайды деп сенеміз. Алдағы жұмыс сапарыңа сәттілік, істеріңе өнімділік тілейміз.

Ердос Жанабылұлы

Қатысты Мақалалар