Дания Тілеуімбетова, фитнесші: Спорт пен секс – егіз ұғым (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708234645616_small.jpg

Қазақстандық фитнес өкілі Дания Тілеуімбетованың Caravan.kz – ке берген сұхбаты қызу талқылануда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

9 сәуір күні Алматыда IFBB федерациясының Кубогына байқау өтіп, фитнес жұлдызы 163 см-ге дейінгі фитнес бикини сайысында жеңімпаз атанған.

Басылымға сұхбат берген фитнесші жеке өміріне қатысты да бірқатар жәйттерді жайып салған.

«Қазір жасым жиырма алтыда. Әлі күнге отбасы құрмадым, балаларым жоқ. Ол – менің арманым!» деп мұңын шаққан Дания Тілеуімбетова спорт пен төсектің байланысынан да біраз хабардар екендігін аңғартқан.

«Спорт пен жыныстық өмірдің үйлесімділігі туралы не айтасыз?» деген сұраққа бикеш: «Толықтай үйлеседі. Оған тыйым салынбаған. Күшің қалмай қалатын сәттер болады, бірақ, ол басқа мәселе. Әйтпесе, барлығы керісінше. Менің айтарым – спортшы қыздар басқаларға қарағанда сезімтал және төзімдірек келеді. Жігіттер де солай. Көп адамдар спортшыларда барлығы дұрыс емес деп санайты. Шындығында, денеде де, жыныстық мәселеде де барлығы дұрыс», - деп жауап қатқан.

Сондай-ақ, спортшы болашақта отбасын құрып, балалы болғысы келетінін, алайда, спортты тастау ойы жоқ екенін де айтқан.

Қатысты Мақалалар