Мұрат Алмасбекұлы. Ресей Қазақстанды жұтады

/uploads/thumbnail/20170708151445008_small.jpg
Қазақстан Кырым ісінде араағайын болады екен-мыс. Осы біз аспаннан түспеген қалпы кете береміз бе... Былайша аттан салғанымен АҚШ пен Еуропаға Ресейдің Қырымды бөліп алып, орыспен туыс Украинамен жау болғаны жақсы. Өйткені, Ресейдің жауы көбейсе оларға пайда... Оған Молдава, Грузия дәлел, орыстар осы елдердің территорияларын бөліп, қолдан мемлекет жасап отыр...
Ал, ындыны ашылған Ресей Қазақстанның солтүстік облыстарын ғана емес, бәрін жалмай салғысы келеді. 140 миллионнан астам халқы бар Ресей, 16 миллион ғана жан саны бар (жартысына жуығы орыс) не бір сіріңке, шеге шығармайтын Қазақстанды қазір жұта салады. (Әрине, олай болмай-ақ қойсын). Бұл қорқу, орысты құдіретті қылып көрсету емес, шындық. Бізде оған қарсы тұрар не бар? Не шығарамыз, не өндіреміз? Тек дарақылықтан басқа. Саясаттанушы емеспін, бірақ, өзіміз жетісіп отырғандай біреудің жыртысын жыртқымыз келетін далбақбайлық неге керек дегім келеді...

Қатысты Мақалалар