Қайырбек Өскенбаев, Ұлттық экономика вице-министрі: Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері шетелдіктердің жеке меншігіне өтпейді

/uploads/thumbnail/20170709000634019_small.jpg

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелері шетелдіктерге жеке меншік құқығына берілмейді. Бұл туралы кеше Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Вице-мминистрдің айтуынша, шетел азаматтары ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге тек уақытша жер пайдалану құқығымен 25 жыл мерзімінде жалға алу арқылы ие бола ала.

Шетелдіктердің жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге және орман өсiруге арналған жердi қоспағанда, құрылыс жүргiзу үшiн жерлер болуы мүмкін.

Бұл ретте, аталмыш норма бұрын да, 2003 жылғы Кодексті қабылданған бастап қолданыста болған.

«Егер ҚР азаматы және заңды тұлға шетелдіктерге сататын болса, онда жеке меншік құқығы 3 ай ішінде иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесi көрсетілген мерзімде уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуі тиiс (25 жылға дейін)», - дейді Қайырбек Өскенбаев.

Қолданыстағы заңнамамен шетелдік жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерімен мәмілелерді қадағалау бойынша механизмі реттелген.

ҚР азаматы және заңты тұлғалардың жеке меншiк құқығында, сондай-ақ, жалға алу құқығымен шетелдiктер де тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге болатын ауыл шаруашылыққа арналған жер учаскелерiнiң бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың) аумағындағы шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi;

- ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерін шетелдiктерге беруді жер қатынастарын басқару бойынша орталық атқарушы органның келісімімен облыстың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады;

- шетелдіктерге шекаралас аумақтарда жерлерді жеке меншік құқығына беруге тиым салынған.

Мемлекеттің меншігіндегі ауыл шаруашылық мақсатындағы және пайдалануға берілмеген жерлер келесідей ретпен беріледі.

1) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукциондық сауда формасы арқылы.

2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін екі аукционның қорытындылары бойынша оны жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ болған жағдайда  жер учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне дейін төмендетуді көздейтін аукциондық сауда формасы арқылы.

Бұл ретте, жер учаскесін кадастрлық құнының 50 % төмен емес баға бойынша сатуға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ, Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес жалға берілген жер учаскелерін сатып алуға жеңiлдiк шарттарын беру қарастырылады. Бұл норма қазіргі жалға алушылардың мүдделерін ескереді және оларға бұдан бұрын берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау мерзімі аяқталғанға дейін 10 жылға дейін бөліп төлеу арқылы, олардың кадастрлық құнының 50 % мөлшерінде айқындалатын жеңiлдiк бағамен жеке меншікке сатып алуға құқық береді.

Бұдан басқа, жер үлестерін шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғайтын норма көзделген.

Жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік беретін жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулер алынады.

Ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады. 

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың жерлерді пайдалануды бақылау және қорғау органдарымен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалануды мемлекеттік бақылау бойынша функцияларды іске асыруда агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерінің жер учаскелерін жер заңнамасын сақталуына тексерулер жүргізілді.

ЖАО ақпараты бойынша, жүргізілен жұмыс нәтижесінде 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші тоқсанында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланудың 263,9 мың га анықталды. Осыған орай:

- 2015 жылы 187 меншік иесі және жерді пайланушыға жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, оның ішінде 171 субъект 169,5 млн. теңге сомасымен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

- 2016 жылдың бірінші тоқсанында 7 меншік иесі және жерді пайланушыға жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді, оның ішінде 5 субъект 106,0 мың. теңге сомасымен айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды;

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдаланудың ережелері бекітілді.

Ережелермен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдалану бойынша шаралар кешені белгіленген, топырақтың құнарлығын едәуір төмендеуіне жол бермеу бойынша талаптар, сондай-ақ, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланудың белгілері қойылды.

 

Ұлттық экономика министрлігі ұсынған анықтамалық материалдар:

ҚР жалпы территориялары – 272,5 млн. га, олардың ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер – 100,8 млн. га, жер қоры (оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы) – 100,1 млн. га (егiстiктер, тыңайған жер – 2,4 млн. га, шабындықтар мен жайылымдар – 80,7 млн. га), қалған 60,2 млн. га – елді мекенді, өнеркәсіп және көлік, ерекше қорғалатын, орман және су қорының жерлері.

Шаруа қожалығының саны – 216,6 мың 58,4 млн. га көлемінде,  заңды ауыл шаруашылық тұлғалар -12,4 мың 42,4 млн. га көлемінде. Олардың жеке меншігіндегілері 1,3 млн. га (1,3%), 49 жылға дейін жалдауда – 99,5 млн. га (98,7%).

2016 жылғы 1 маусымынан бастап ЖАО 1,7 млн.га., олардың ішінде бүгінгі таңда дайын 645,4 мың га (1271 қатысушы) жер аукцион арқылы сатуға қойылады.

2012-2014 жылдары өткізілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді түгендеу нәтижелері бойынша 7,4 млн. га пайдаланылмаған жер анықталды.

2016 жылғы 1 сәуір жағдайында ауыл шаруашылық жерлерін пайланылуының тексерістері және мониторингісінің нәтижелері бойынша мемлекеттік қорға 3,1 млн. га пайланылмаған, олардың ішінде 1,8 млн.га айналымға енген жерлер тапсырылды.

Қатысты Мақалалар