Өзінің жалаңаштанған фотосын желіге жүктеген Әсел Бяндарованы қолдаушылар да жалаңаш фотоларын ортаға салған болатын. Алайда оларға қарсы жауап ретінде ұлттық киіммен мәдениетті фотоларын жүктегендер табылды.
"Жаңа флэшмоб - #қазақшафлэшмоб бастауды ұсынамын. Әйтепсе халық адасып кеткен секілді. Достар өздеріңнің ұлттық киімдегі фотоларыңызды ортаға салыңыздар. Қай ұлттың немесе діннің өкілі екеніңіз маңызды емес. Ең бастысы өз тарихымызды ұмытпасақ болды", - дейді Facebook қолданушысы Aisu Lu.

