Алғашқы жекеменшік түрме Шымкентте салынады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709003428923_small.png

Алғашқы жекеменшік түрме Шымкентте салынады, -деп хабарлайды 31 арна.

Ішкі істер министрлігі өкілдері түрмеге арнайы жер телімдері беріліп қойғанын да айтты. Жалпы Қазақстанның бес облысында инвесторларға тиесілі түрме болады екен. 

Алайда түрме салуға қанша қаржының қарастырылып отырғаны белгісіз. Тек Шымкенттегі түрменің жобасы бекіп, жер телімі бөлініп қойған. Түрлі режимді етіп салынатын түрмеде 1500 орын болады. Мемлекеттік жекеменшік серіктестік негізінде салынатын абақтылар құрылысы 2017 жылы басталады.  

«Солтүстік Қазақстанда да жекеменшік түрме салу қолға алынды. Жалпы бес облыста түрлі режимдегі түрмелер салынады. Қазір сол өңірлерде жер учаскелері бөлініп, жұмыс басталып кетті», - дейді  ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев.

Қатысты Мақалалар