Соңғы 13 жылда алғаш рет Apple саудасы құлдыраған

/uploads/thumbnail/20170709003844786_small.jpg

Ағымдағы жылдың екінші жартысында Apple-дің табысы iPhone смартфондары саудасының құлдырауынан 13 пайызға қысқарып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz

Сатылым көлемі былтырғы жылдың алғашқы тоқсанындағы 58 млрд долларға тең көрсеткіштен биылғы жылдың сәйкес мерзімінде 50,56 млрд долларға түсіп кеткен.
Компания алғашқы тоқсанда 51,2 млн дана iPhone сатқан. Бұл 2015 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 10 млн-ға кем. 

Осылайша, сарапшылардың сөзіне сенсек, мұндай күрделі жағдай соңғы 13 жылда тұңғыш рет тіркеліп отыр.
Әсіресе, Қытайдағы компания филиалдарының жағдайы мүшкіл. Онда сатылым 26%-ға құлаған. Мұндай нәтижеге доллардың юаньге шаққандағы бағамы да әсер етуі мүмкін.
Apple-дің тоқсандағы таза табысы былтырғы 13,5 млрд доллардан 10,5 млрд-қа, яғни 22%-ға азайып отыр. 


 

Қатысты Мақалалар