Сергей Иванов: "Байқоңыр" әлі көп уақыт бойы Ресейге қажет болады

/uploads/thumbnail/20170709004118117_small.jpg

Ресей президентінің әкімшілігінің басшысы Сергей Иванов "Восточный" ғарыш айлағы іске қосылса да, "Байқоңырдың" Ресейге әлі көп уақыт бойы қажет болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оған "Ресейде жаңа ғарыш айлағы пайда болғандықтан, Ресейге "Байқоңырдың" қажеттілігі бола ма?" деген сұрақ қойылған еді. "Жоқ, "Байқоңыр" бізге әлі көп уақытқа қажет болады, біз бұл туралы көп айтқанбыз", - деп жауап қатты Иванов. Сонымен қатар, ол пилоттық космонавтиканың бар екендігін айтты және "Байқоңырдан" "Протонның" ұшырылуы жалғасатынын атап өтті.

Қатысты Мақалалар