"Азбаса екен бабамның мынау мекені" (видео)

/uploads/thumbnail/20170709004151242_small.jpg

Жер жалға берілмек. Ел көңілі алаң. Ертең өз елімізде жүріп өз жерімізді сағынатын күнге түсеміз бе, кім білсін?! Жаннат жерді жат қолына тарсырсақ, адам түгілі аң-құсыңның жағдайы не болары белгісіз. Мынау Қытайдағы əнші, композитор Манапқазы Мұсаханұлы ағамыздың "Көрікті қайран далам-ай" əні. Сөзін Қасына Əбдіқасұлы жазған.

1. Көрікті қайран далам-ай!
Көктемің күлген баладай. 
Аң-құсың сиреп, арманың күйреп қала ма-ай,
Жеті ұлы өліп, жесір қалған анадай.

2. Гуілдеп жылап қарағай, 
Түбінен ара тарады-ай.
Жерімді жыртып, елігің үркіп 
далаға-ай,
Шырылдап шылдар, кете ме артқа қарамай.

3. Қарасу қайда кешегі-ай?!
Ақ үйлер бұлттай көшеді-ай.
Азбаса екен бабамның мынау
мекені-ай,
Сарғайып жүріп, сағынып өтер ме екем-ай!

Еркін Шүкіманның фейсбуктағы парақшасынан алынды

Қатысты Мақалалар