ШҚО-да анасы мен үш баласының өлі денесі табылды

/uploads/thumbnail/20170709004211446_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысында 35 жастағы әйел мен оның 2-10 жас аралығындағы үш баласының денесі табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы  Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.

Төртеуі де асылған күйі табылған. Оқиға орнына барған полицейлер төртеуінің де буынып өлгенін растады.

"ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында қылмыстың негізгі нұсқасы анықталды: болжам бойынша, анасы өз балаларын дарға асып, кейін өзі асылып қалған", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар