Қызылорданың әкімі Қырымбек халқынан биік пе?

/uploads/thumbnail/20170709004520089_small.jpg

ҚР «Жер кодексіне» енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты қазақ жұрты әр жерде өз пікірлерін айтып, тиісті қарсылықтарын білдіруде. Ең бастысы – бас жарылып, көз шыққан жоқ. Дегенмен бүгін Қызлордада болған оқиға көпшіліктің жағасын ұстатып отыр. Естеріңізде болса, «Жаңаөзендегі» қанды желтоқсан кезінде Маңғыстаудың әкімі болып Қырымбек отырған еді... Ал қазір осы Қырымбек мырза Қызылорданың тізгінін мықтап ұстаған.

Бүгін Қазақстан халықтары достығы күні. Осыған орай Қызылорданың орталық алаңына шыққан жұрт қазіргі кезде қызу талқыланып жатқан жер мәселесіне де өз үндерін қоса кетсе керек. Фейсбук әлеуметтік желісінде таралған видеоларға қарасақ, өз пікірін айтқан жастардан гөрі мұздай қаруланып, сес көрсеткен әскерилердің саны көбірек. Есесіне халқының ортасында жүрген Қырымбек әкім көрінбейді.

Бұл не сонда? «Жаңаөзеннің» жарасы жазылмай жатқан тұста Қырмбек мырза енді Қызылорданы да үреймен ұстамақшы ма? Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі халыққа түсіндіру жұмыстары жүрілу керектігін, арандатушылар жазалану керектігін айтқан жоқ па? Бүгінгі Қызылорданың жайын көріп, бейбіт халыққа әскер күшін көрсету - "нағыз арандатудың" өзі демеске шараң жоқ! 

Қатысты Мақалалар