Ақтөбе облысының Әлия ауылында белгісіз мал ауруы белең алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Ірі қараның сілекейі ағып, қызуы көтеріледі екен. Ветеринарлар нақты диагнозы анықталмаса да, 450 бас сиырды сойып тастаған. Ірісін ет комбинатына өткізіп, баспақ-бұзауын орға көміп жатыр. Ал зертханалық сынама қортындысы апта соңына таман әзір болмақ.