Америка ғалымдарына өлі адамдарды тірілтуге рұқсат берілді

/uploads/thumbnail/20170709005343977_small.jpg

Американдық ұлттық денсаулық сақтау университеті Филадельфиялық биотехнологиялық компанияға өлі адамдарды өмірге қайтару тәжірибелерін өткізуге лицензия берді, деп хабарлайды Qamshy.kz  Today.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Popular science порталы хабарлағандай, ReAnima атты жоба бірнеше айға созылады. Тәжірибелер Үндістанда жергілікті дәрікерлермен ынтымақтастықта өтеді.

Тәжірибенің 20 қатысушысы бас-ми жарақаты салдарынан клиникалық өлім жағдайында жатыр. Құжаттар бойынша олар өлі деп танылған, дегенмен әлі жерленбей жансақтау аппаратарының көмегімен жатыр.

Ғалымдар бас миының өлі жасушаларын және орталық жүйке жүйесін қалыпқа келтіру арқылы адамды қайта тірілту мүмкіндігін анықтамақ.

Қатысты Мақалалар