Алматы облысының Іле ауданынан жер сатып алған 100-ге жуық азамат құжаттары заңға сай рәсімделген болса да, жер телімдерінен айырылып қаламыз ба деп алаңдап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz. 31 арнаға сілтеме жасап.
Себебі жердің алғашқы иесі телімдерді тұрғындарға бөліп сатқан азаматты сотқа беріп, арада жасалған келісімшарттың күшін жоюды талап етуде. "Майл-стоун" компаниясы иелігіндегі 38 және 25 гектар жерлерді алып, үшінші тарапқа, яғни тұрғындарға сатқан Алмас Базарбеков есімді азамат компанияға 700 миллион теңге берешек деп сотқа жүгінген. Баспана тұрғызамыз деп жер алған халық өзара соттасқан екі тарапқа кезек жалтақтап, сотқа сабылып жүр.
Жер телімдерін сатып алғандардың кейбірі өздерін сотқа не үшін шақыртқанын түсінбей әлек. Ақшасын төлеген, шарт жасасқан, әділет басқармасы жердің кепілде тұрмағаны жөнінде анықтама берген, мемлекеттік акт қолдарында. Бірақ алғашқы сот отырысына судья 49 телімнің иесін шақыртса, келесі отырыста олардың саны артты. Айтуларынша, 300-дей адам Базарбековтен жер сатып алған.
«Екі арадағы келісім-шарттың бұзылғаны бізге әсер етпекші. Өйткені біз Базарбековпен есептесіп, документтерді қолымызға алып бәріміз, арамыздағы кейбіреулер ол жерге үйлерін салып, кейбіреулер салмақшы болып ақша салып қойды онда» , дейді жер телімінің иесі Айдар Сүгірбеков.
Материалды жақында ғана алғанын алға тартқан «Milestone» компаниясының заңгері қазір ешқандай сұрақтара жауап бере алмайтыны айтты.
Тараптарды тыңдап алған төраға 11 мамырда шешім оқылатынын ескертті. Телімдерінің болашағына алаңдаған халық баспана құрылысын уақытша тоқтата тұрмақ.
Пікір қалдыру