Ерлан Төлеубай: Бұл ән – Ұлы Отаныма арнаған сары даланың сарыны (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709010309819_small.jpg

Бүгін барша қазақ баласы тойлайтын – Отан қорғаушылар күні. Әлмисақтан елі мен жерін қорғауды бас амандығынан артық көретін Алаш жұрты әлемдегі Отаны бар бірнеше ұлттың біреуі. Бұл Алла Тағалының қазаққа сыйлаған ұлы нығметі десек қателеспейміз. Өзінің кең дархан пейіліне қарай осынша байтақ даланы құшағына сыйдырған Қазақ елі Дүниежүзіндегі керегесі кең, терезесі тең мемлекеттердің бірі. Тарихтың қилы көшінде Ұлы даламыз ұлтарақтай қиылып, атадан бала, баладан ана көз жазып қалған кезеңдер өтті. Айрандай ұйып отырған Алаш жұрты шекараның сызығымен бөлініп қалды. Әлемдегі үш қазақтың бірі өз Отанына жырақта жүр...

Құдайға мың шүкір! Тәуелсіздік таңы атысымен асылдың сынығы, тұлпардың тұяқтары Атажұртқа бет бұрды. «Қазақ көші» қарқын алды. Мемлекеттің іргесін бекемдеп, шетелден келген 1 миллион қазақ Отанында отауын тікті...  Көк туын желбіретіп, шекарасын нықтаған елге, міне, 25 жыл толып отыр. «Айналайын, Қазақстаным» әні осындай мерейлі күнде жүректен шықты.

Иә, кәсіби композитор емеспін. Мен тек қана сағынышты жүрекке түскен сары даланың сарынын жеткіздім... Мереке құтты болсын, Алты Алаш!

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар