Фермерлер мораторийді қолдайды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709010315756_small.JPG

Қазақстандық фермерлер Елбасының жер заңнамаларына мораторий енгізу туралы бастамаларын қолдайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

«Жер кодексінің бірқатар нормасына байланысты мораторий жариялай отырып, Елбасы халық пікірімен санасатын әрі алысты ойлайтын саясаткер екенін көрсетті», - дейді талдықорғандық фермер Шамбұлай Өскенбаев.

Оның пікірінше, жер мәселесі әлі де халыққа жіті түсіндірілуі тиіс. Оған байыптылықпен қарау керек, тіпті аграрлық саланың айтулы мамандарымен ашық талқылаған жөн. 

Шамбұлай Өскенбаев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Елбасының мораторий жариялау туралы шешімін өз басым өте дұрыс деп есептеймін. Жер мәселесі күрделі нәрсе. Халықпен ақылдасқан жақсы. Ойлануға да уақыт болады енді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар