Күйеуін президент еткен әйелдер

/uploads/thumbnail/20170709010412960_small.jpg

«Ерлердің жетістігі әйелге байланысты» деген халық даналығы. Президенттің жетістігі – бірінші ханымның күйеуін баптап, жағдайын жасап, қолынан келгенше қолдауына байланысты. Сондай-ақ бірінші ханым қоғамда қыз-келіншектерге жақсы үлгі болады. Comede.kz сайты ТМД елдеріндегі бірінші  ханымдар туралы қызықты мәліметтер жинады.

Марина ПОРОШЕНКО

Украинаның бірінші ханымы Марина Порошенко – кардиолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты (Тәуелсіз Украинадағы алғашқы диссертацияның авторы).  Ол өз уақытында отбасылық өмірі мен бала тәрбиесі үшін мансап жолынан бас тартқан. Порошенколардың отбасында 4 бала бар, үлкені Алексей 29 жаста, егіз қыздары Евгений мен Александра 14 жаста, кенжесі Михаил 13 жаста.

Марина «бірінші ханым» деген терминді ұнатпайды. «Мен осы сөзді мүлде ұнатпаймын. Ол бір бөлектену сияқты. Мен жолдасыма көмектесуге дайынмын, ең бастысы осы. Күн сайын сайын туындайтын мәселелерде күйеуіме көмектесуге, мәселені шешуге білек сыбана кірісемін, - дейді Марина Порошенко.

Людмила ПУТИНА

Людмила Путинаның есімін әрқашан назарда ұстауға тиіспіз. Ең алғашқы себеп, оның Ресей президенті Владимир Путиннің жары болғандығы. Соңғы уақытта үлкен дүрбелең туғызған тақырып, оның саяси қайраткермен ажырасуы болды.  Путиндер 30 жыл отасқан отбасы.

Людмила Путина бала кезінен актрелік мамандықты армандаған, бірақ Калининград техникалық институтына оқуға түскен. Екі жыл оқыған соң, Калининград авиаотрядының стюардесса кәсібіне ауысады. Көктегі кеменің ішкі рейстеріне ұшты. Дегенмен, театр оның өмірінде үлкен рөл атқарды.  Ол өмірлік қосағы Владимир Путинмен театр кассасының алдында танысады.

Ресейдің бірінші ханымы қайырымдылық пен білім беру жүйесіне араласты. Людмила Путина  орыс тілін дамыту орталығына жетекшілік етіп, білім беру реформасын талқылауға қатысты. Сондай-ақ,психологиядағы ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасына мән береді. Людмила Ресейдің бірінші ханымы ретінде АҚШ, Германия, Франция мен көптеген батыс елдерінің делегациясын қабылдады. Ол сонымен қатар, әлемнің көптеген елдеріне Ресей азаматтары ішінде, одан тысқары жерлерде мемлкеттік сыйақылар бөлді. 

Мехрибан АЛИЕВА

Мехрибан Алиева медициналық университеттің студенті бола жүріп, Әзірбайжанның болашақ президентіне тұрмысқа шықты. Әлиев осы әйелдің арқасында өзінің соншалықты табысты мансабын жасады. «Мен жиырма жыл Гейдар Әлиевтей азаматтың қасында өмір сүріп келем. Біз отбасымызбен әрдайым бірге болдық, және біз оның барлық қиын жылдары мен бақытты сәттерінде онымен біргеміз» дейді Мехрибан.

Мехрибан барлығына үлгеруге тырысады. Ол үш баланың анасы ғана емес, көрнекті қоғам қайраткері, БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның елшісі, сондай-ақ, Гейдар Әлиев атындағы Қордың президенті болды. Түрлі қызметтерді атқарған Әзірбайжанның бірінші ханымы әрдайым тамаша, айырықша келбетті көрінетін. Ол өзінің 50 жасында да әдемі мүсінін сақтаған, қалың шашты президенттің әйеліне кез-келген ару қызыға қарайды.

Рита САРГСЯН

Арменияның бірінші ханымы әсіресе саяси қызметтерге онша қызықпады. Рита Саргсян қайырымдылық акциялары  мен армян мәдениетін ілгерілетуге атсалысты. 

Саргсян ханым өзінің кәсіби мансабын музыкадан оқытушы ретінде бастады. Оның бүгінгі қызметі осылай басталды. Бірінші ханым жиі концерттер ұйымдастырып, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, жетімдер мен мүгедектерге арнап шаралар өткізеді.

Раиса АТАМБАЕВА

Қырғызстанның бірінші ханымы Ресейде Урал деген жерде туған. Кеңес Одағы кезінде Ошқа көшіп келген. Ол осында Ломоносов атындағы орта мектепті бітіріп, бастауыш сыныптарды ағылшыннан оқытады. 

Раиса Атамбаева – медицина ғылымдарының кандидаты, ол көпшілік ортада белсенді жүреді, қайырымдылықпен айналысады.

Атамбаевтардың екі баласы бар, ұлы Қадыр Түркияда оқиды. Қызы Әлия 10 сынып оқушысы.

Татьяна КАРИМОВА

Татьяна Каримова – Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың екінші әйелі.  Татьяна Акбарқызы – экономика ғылымдарының кандидаты, Өзбекстанның экономика институты Ғылым академиясында аға ғылыми қызметкер болды. Қоғамдық қызметпен де қатар айналысты. 

Татьяна Каримова бірінші ханым құқығымен ерлі-зайыптылардың барлық ресми іс-шараларына қатысады. Көптеген дерек көздері сүйенсек, Татьяна Акбарқызы ел басқаруға да тікелей қатысады.

Каримовтердің екі қызы бар. Үлкені Гүлнар – Гарвард түлегі, саясаттанушы, каратеден қара белбеу иегері. СІМ кеңесшісі (Өзбекстанның Мәскеудегі елшілігінің кеңесшісі қызметінің жұмыс тәжірибесі бар). Кішісі Лола Ташкент университетінің әлемдік экономика және дипломатия  мамандығын бітірген.

Азизмо АСАДУЛЛАЕВА

Тәжікстанның бірінші ханымы әлем жұртшылығының алдында өте құпия жан. Ол туралы ресми ақпараттар жоқ, бұқаралық ақпарат құралдары жазбайды.

Азизмо Асадуллаева қабылдауларда сирек болады, тіпті күйеуіне еріп ешқашан сапарламаған. Азизмо – тоғыз баланың анасы, жеті қыз, екі ұлы бар. Қыздарының бірі Фируза Душанбе орталығында дүкендер желісінің меңгерушісі. Тағы бір қызы Парвина мединицина университетінде оқиды. Ал кіші балалары тәжік астанасындағы президент лицейінде оқиды.

Маргарета ТИМОФТИ

Маргарета Тимофти – Молдова президенті Николай Тимофтидің жары. Ол кітапхана ісі факультетін бітірген, ұзақ жылдар кітапханашы болып жұмыс істеген. Қазір Иона Крянгэ атындағы елордалық балалар кітапханасында қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы болып қызмет атқарады. 

Маргарета Тимофти бірінші ханым ретінде бірқатар әлеуметтік, білім беру және мәдени жобаларға қатысады.  Сонымен қатар, Маргарета «SOS Autism» әйелдер клубының Молдава Қауымдастығы президенті, «Angelus Moldava» медициналық-әлеуметтік қайырымдылық қорының тең төрағасы қызметтерін атқарады.

Сара НАЗАРБАЕВА

Сара Назарбаева Қарағанды металлургия комбинатында білім алған. Оқуын аяқтаған соң «Қарағандыкөмір» өндіріс орнында жұмыс істеді. 

Қазақстан Республикасы «Ұлт Лидерінің» жұбайы Сара Назарбаева қайырылымдылықпен белсенді айналысады. Оның қоры 15 жыл бойы балаларды қоғам мен адамгершілікке рухани тәрбиелеумен айналысып келеді. Бірінші ханым шаңғы және жүзу спорт түрлерімен, халық әндерін айтумен әуестенеді.

Бүгінде Сара Назарбаеваның «өзін-өзі тану» авторлық жобасы адамгершілік пен ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуда. Бұл жоба білім беру жүйесінде: балабақшада, мектептерде, университеттерде оқытуға енгізілді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар