Бауыржан Байбек тек қазақтар мекендейтін «Шаңырақ» пен «Алғабасқа» қашан барады? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709010540571_small.jpg

Бүгін түнде өртке оранған Алматыдағы «Юбилейный» дүкені мен оның үстіндегі тұрғын үйге қала басшысы Бауыржан Байбектің арнайы барып, ондағы жағдаймен танысқанын, зардап шеккен тұрғындармен кездескенін ақпарат құралдары жарыса жазуда. Қала басшысының тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындардың ахуалына еніп, қамқорлық танытуы құптарлық жай, әрине. Алайда, өртке себеп болған нысанның ең алдымен жеке меншіктегі сауда үйі екендігін ескерсек, ол ойыңыздан да дереу айнып қаласыз.

Алматы жұртшылығын тілсіз жаумен қатар, су тасқыны да аз алаңдатып отырған жоқ. Былтырдан бері қар суы да, жауын-шашын да алматылықтар үшін оңайға соқпай отыр. Сәуір айының соңында Алматыдағы бірнеше өзен толассыз жауған жаңбырдан арнасынан асып, қаланың төмен жағында орналасқан бірнеше елді мекендегі үйлерді су басты. Бүгін түнде жауған жаңбыр салдарынан да сол жағдай қайталанып отыр. Қарғалы, Есентай, Ақсай, Үлкен Алматы сынды өзендерге жақын орналасқан аудандардың тұрғындары қорқыныш құрсауында қалып отыр.

Әр өңірден Алматыға ағылған талай қазақ отбасы паналап отырған «Шаңырақ» ықшам ауданында да жағдай қиындап отыр. Мұндағы көшелер мен жер үйлердің аулаларына дейін су астында қалған. Бұл туралы «Фейсбук» желісінде Халелхан Ибрайымханұлы атты тұрғын дабыл қақты.

«Жолдың барлығын полиция жапқан. Сай-саланы түгел су басқан. Осы сайдың барлығында отырғандар – біздің қара көз қазақтар. Сондықта, осындай сай-саланы паналап отырған қазақтарға үй салу үшін жазық жерлерден он сотықтан жер берілсін», - дейді ол.

«Шаңырақ» тұрғындарының бұл зарына қала басшылығы қашан құлақ асатыны белгісіз. Әзірге, әкім бастаған шенеуніктер «Юбилейныйдың» үйлері үшін ғана алаңдап жүр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар