Алматы қаласының Абай көшесінде орналасқан атақты «Достық» спорт кешені саудаға шығарылды. Кешеннің жалпы құны 3,7 млрд теңге, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ғимарат 1983 жылы салынған. 7,3 мың шаршы м. аумақта 6 теннис корты, 3 футбол алаңы және көптеген әкімшілік ғимарат орналасқан. Нысан спорттық және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсету үшін пайдаланылады.
2000 жылға дейін «Достық» ҚР Спорт және туризм жөніндегі агенттігіне тиесілі болған. Кейін акционерлік қоғам ретінде қайта құрылған.
Айта кетейік, Алматыда қалалық спорт нысандары мен клубтарды жекешелендіру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Үкімет бекіткен жоспар бойынша Алматы қаласының әкімдігі 26 коммуналды жеке меншікті саудаға шығармақ. Оның 20 нысаны 2016 жылы, ал қалғандары 2018 жылға дейін жекенің қолына өтеді.
Пікір қалдыру