Жастар театры жаңа спектакль ұсынады

/uploads/thumbnail/20170709010932637_small.jpg

Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры көрермендерге жаңа спектакль ұсынбақ, , - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Махаббат хаттары» деп аталатын қойылымның премьерасы 18 мамыр күні өтпек. Альберт Гернидің пьесасы Ағзия Көлбаеваның аудармасы негізінде сахналанып отыр. Қоюшы-режиссері – Жұлдызбек  Жұманбай, қоюшы-суретшісі  – Қуат  Түстікбаев.

Американдық өршіл сенатор ғұмыр бойы өзімен хат алысқан әйелдің қазасынан  кейін  өткен  өмірін  бір сәт еске  алады.

Екі жүрек, шөліркеген кейіп... Құнарсыз күлкі мен тамшы көз жасы.  Хаттар,  хаттар... 

Бір-бірін  іздеу,  сағыну,  аңсау,  күту,  күю  мен  жану...  Әлемнің  әр  түкпірінде  өз  өмірлерін  сүріп  жатса  да,  алғашқы  Махаббатты  ұмытпау.

Спектакльдегі қос кейіпкерді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тынышкүл  Сұлтанбердиева (Мелисса), Қадырғазы  Қуандықов (Энди) сомдамақ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар