Талғат Ермегияев 13 мамырда сотқа айғақтар беретінін айтты

/uploads/thumbnail/20170709011007996_small.jpeg

«Астана ЭКСПО-2017» АҚ ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев  өз сөзіне айғақтық талдау жасау үшін уақыт керегін айтты», , - деп хабарлайды Qamshy.kz .

Сотта ұлттық компанияның мүлкін заңсыз иемдену ісі бойынша барлық тараптар – айыпталушылар мен куәгерлер қатысты. Сонымен қатар, әуелде айыптау тарабы мен сотталушы арасында процестік келісім де жасалған болуы мүмкін. Бірақ ол жазбаша болмаған.

«Сотталушының беру әдісі көрсетілген соң оларға өтініш жіберілген. Негізінде он екі сотталушы жіберген, менің түсінгенімше, олар процестік келісім жасасты.  Алайда, олар бұл сотталушы тараппен процестік келісім жасасу және өзге де мән-жайлар туралы баяндамады», - дейді судья Адильхан Шайхисламов.

Сосын ол басты айыпталушысының бөтеннің мүлкін миллиондап иемдену ісіне тоқталды.

Судья Талғат Ермегиявтен «Қосатын айғағыңыз бар ма?», - деп сұрады.

«Құрметті сот, егер мүмкін болса, мен жұма күні таңертеңнен бастап  талданған айғақтар көрсетсем...», - деді  «Астана ЭКСПО-2017» АҚ ұлттық компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев.

Ермегияев бұған дейін айғақтарын барлық куәгерлерден кейін көрсетуге өтініш сұраған. «Астана ЭКСПО-2017» АҚ бұрынғы басшысы куәгерлер мен айыптаушылар тергеу барысында айғақтары мен деректерін өзгертеді деген ұстанымда болған.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «ЭКСПО ісі» бойынша тыңдалым жүріп жатыр. 23 айыпталушының 14-і өз кінәларын толығымен мойныдаған. Негізгі айыпталушы «Астана ЭСКО-2017» АҚ ұлттың компаниясының экс-төрағасы Талғат Ермегияев тағылған айыптарға келіспей, жоққа шығаруда. Оған аса ірі көлемде пара алды және мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылған. Ермегияев қазір үйқамақта.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар