120 жастағы қазақ әжей Ресейдің рекордтар кітабына енді

/uploads/thumbnail/20170709011204514_small.jpg

Астрахан облысында тұратын ең қарт қазақ кісіні әлем мойындады, - деп хабарлайды Qamshy.kz .

Танзиля Бисембаева Ресейдің рекордтар кітабына енді. Қарт әжей 14 наурызда 120 жасқа толған. Бұл туралы Людмила Шналиева есімді фейсбук қолданушысы жазды.

Танзиля Бисембаева ХІХ ғасырдың соңында туылған.  

«Ол өз уақытында Ленинді көзімен көрген болуы мүмкін.  Ол революцияны, Ұлы Отан соғысын, режимнің, көсемнің ауысуын көрді» деп жазды желі қолданушысы.

Танзиля Насиханқызы 53 жасында тұңғышын, 57 жасында кенже баласын өмірге әкелген. Қазір 3 баладан 10 немере, 24 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр.

 

Қатысты Мақалалар