«EXPO -2017» ісі бойынша өтіп жатқан сотта Талғат Ермегияев сөз алды

/uploads/thumbnail/20170709011222373_small.jpg

Бүгін «EXPO -2017» ісі бойынша өтіп жатқан сотта «Астана EXPO -2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев сөз алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Басты айыпталушы сот отырысы барысында өз командасының Астана көрмесін EXPO тарихындағы ең үздік көрме етуді жоспарлағандарын айтқан.

«Біз, құрамында бас хатшы Лоссерталес, Хуан Корерас, халықаралық кеңесшілер бар комиссия EXPO-2017 көрмесін тақырыпты ашу, көрме өткеннен кейінгі қолдану, туристер тарту, қатысушылар қатарын арттыру бойынша мамандандырылған көрмелер тарихындағы үздік көрме етуді жоспарладық. Ол кезде ешкім көрмені қалай ұйымдастыру керектігін нақты білмеді. Оны біз тек сәтті өтетін іс-шара деп қана емес, өткеннен кейін де өзін ақтайтындай етіп ойластырдық», - деді Т. Ермегияев халықаралық көрмеге дайындықтың алғашқы кезеңі туралы.

«Қазір бір қарағанда байқалмайтын мәселелер бар. Қажетті байланыстар мен сырттағы кәсіби мамандардың көмегінсіз барлығын атқару мүмкін емес», - деп мәлімдеді бас айыпталушы.

Естеріңізге салсақ, Астана қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған соты бір айдан артық уақыт бойы «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы басшылары мен бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Сотта 23 адамға айып тағылып, оның 14-і бүгінде өз кінәларын мойындаған.

Қатысты Мақалалар