Талғат Ермегияев: Мен бір тиын да ақша алған жоқпын

/uploads/thumbnail/20170709011224920_small.jpg

Астанада өтіп жатқан сот барысында «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев осылай мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Сот отырысында сөз алған ол өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін мәлімдеді.

«Маған оның ұлына тиесілі компания қызметі үшін Ибадлильдиновадан пара алды деген айып тағылуда. Бұл айыптар мына себептерге байланысты негізсіз. Біріншіден, мен Ибадильдиновадан бір тиын да ақша алған жоқпын. Істе менің ақша алғаныма еш дәлел жоқ. Тек, қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін және ұлын жауапкершіліктен алып қашу мақсатында тергеу органымен әріптестік орнатқан Ибадильдинованың сөздеі ғана негізге алынуда. Ол екеуіне қатысты құқықбұзушылықтар істе толық дәлел тапқан», - дейді Т. Ермегияев.

Сот үстінде ол басқа да тұлғалардан ешқандай ақша алмағанын мәлімдеді.

«Туматаевтан да солай. Мен ешқандай ақша алмадым. Ибадильдинова маған ақша беріп жіберді делінген тұлғалардың ешқайсысы анықталмады және тергелмеді. Ол адамдарды атап бере де алмады. Тергеу кезінде ол (айыпталушы Ибадильдинова – ред.) өз сөзін тоғыз рет өзгертті. Мен осы эпизод бойынша маған таңылып жатқан әрекеттерді істемедім. Мен – кінәсізбін! Кінәм дәлелденбеді. Менің жоғарыда айтқандарымды прокуратура да жоққа шығарған жоқ», - дейді ұлттық компанияның бұрынғы басшысы.

Қатысты Мақалалар