Биылғы мектеп бітірушілердің басым бөлігі – қазақ мектебінің түлектері

/uploads/thumbnail/20170709011410719_small.jpg

Бүгін Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, биыл орта мектепті барлығы 121091 түлек бітірсе, оның 83330-ы қазақ тілінде оқыған балалар. Бұл түлектердің 86991-і Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысады. Олардың ішінде сынақты қазақ тілінде тапсыратын талапкерлер саны 63021 адамды құрайтын көрінеді.

Комитет төрағасы ҰБТ 2-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 166 пункте өтетінін хабарлады.

Сынақтың әділ де тосын жайттарсыз өтуі үшін бақылау күшейтіліп, тестілеу орталықтарына 2250 бейнебақылау камерасы орнатылмақ екен. Бұдан бөлек ұялы байланыс құралдарының сигналдарын басатын 1399 арнайы құрал, 438 металл іздегіш те әзір тұрған көрінеді.

Министрлік өкілі биылғы түлектер үшін 31700 мемлекеттік білім грантының бөлінгенін де айтты.

Осы орайда С. Нүсіпов биыл мектеп түлектеріне арналған ҰБТ бұрынғы форматта соңғы рет тапсырылатынын, келер жылдан бастап мектеп бітіру сынақтары мен оқуға түсу емтихандары екі бөлек өтетінін жеткізді.

Қатысты Мақалалар