Қаржы министрлігі офшордың даулы тізіміндегі азаматтардың тегін талдап тексермек, -деп хабарлайды Qamshy.kz .
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі, мемлекеттік кірістер Комитетінің ресми өкілі Жамбыл Сұрағанов хабарлады.
«Қазрігі уақытта базадағы деректер бойынша сараптамалық жқмыстар жүріп жатыр. Жұмыс нәтидесі бойынша тиісті шешімдер қабылданатын болады. Біздің бұл ақпараттан хабарымыз бар, сол бойынша жұмыс жасап жатырмыз», - деді Сұрағанов.
9 мамыр күні халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы Mossack Fonseca заң фирмасының 200 мыңнан астам клиенттерінің толық базасын жариялады. Ал сондағы Қазақстандықтардың тізімін мына сілтемеден көруге болады.
Даулы тізім туралы Парламенттегілер де түсінік пікір беруде. Депутат Азат Перуашев үкімет мүшелері мен басшыларының, мемлекеттік кәсіпорындардың шетелдік шоттарындағы банктык құпияны жою керектігін айтты.
«...Сонымен қатар, бұл тізімде Қазақстан үкімтенің қазіргі мүшесі, аудан әкімі, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары бар.
Олардың ішінде әзірге Білім министрі Сағадиев қана өзінің мемлекеттік қызметке дейін көпжылдық қаржылық бизнеспен айналысуымен түсіндірді.
Шенеуніктер пен олигархтардың шетелге қашу үрдісін күтудің қажеті жоқ, заңнамалық жағдайлар құру керек. Қойылған экспорт жемқорлықты азайтып, мемлекеттің қаржы мүмкіндіктері мен адал бизнеске әкеледі. Осының негізінде «Ақжол» партиясы екі нәрсені сұрайды: біріншіден, ұлттық экономикадағы офшор мселесіне қолданатын шаралар туралы хабарлау; екіншіден, «офшор аймағын реттеу қызметін қарастыратын заң жобасын Парламентте қарау», - деді мәжіліс депутаты.