Уақыт өтеді, иншалла, мәселе де шешіледі. Бір-бірімізге деген құрметімізді сақтап қалайық жігіттер! (Оның теңдесі жоқ сый, байлық, бақыт, адамдық, арлылық, биіктік... екенін мен айтпай-ақ, көбіңіз білесіздер)
"Мен оны ондай жамандыққа қимаймын" деген ғажайып бір сөзі болушы еді. Бала күнімде ата-әжелерімізден үнемі естуші едім. Ал, нағашы атам, "біреу сен туралы өсек-аяң, келеңсіз сөздер естігенде бірден иланып, қостай кетсе ол адамға өкпелеме, ол сені ондайға баяғыда қиып қойған, тек ретін таппай жүрген адам", деп отырушы еді. Құдай сақтасын! Ол сүрінгеніңді жығылған, жығылғаныңды көмілген етіп көпсетеді. Сосын ондай кезек өзіне де келеді. (Алла әділ ғой, Одан күшті ешкім жоқ).
Бір қазақ бір қазақты жамандыққа қимайтыны рас болса біздің бүкіл армандарымыз да расқа айналар еді!
Ұларбек Нұрғалымның «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды