Жыр жүйрігі Әбікен Сарыбаевтың 90 жылдығы атап өтілді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709012610348_small.jpg

Қалқа, Үмбетәлі, Кенен ақындардың көзін көріп, өзіне ұстаз тұтқан жыр жүйрігі Әбікен Сарыбаевтың 90 жылдығы -  туған жері Жетісуда кең көлемде тойланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Жас ақындар өлең - жырдан шашу шашып, Күреңбелдіктерге тамаша көңіл-күй сыйлады.

Суырып салма өнер додасына 16 ақын қатысып, бабы мен бақтарын сынады. Ақынның көзін көрген өнер иелері Әбікен Сарыбаев айтыс өнерінде өзіндік қолтаңба қалдырған, бірақ әлі толық зерттеле қоймаған жан деп еске алуда. Дара тұлға шындықты шымбайға батырып жырлаған. Қазіргі Айтақын Бұлғақов, Балғынбек, Ринат пен Жандарбектің бойындағы айтысу мәнері осы Әбікен Сарыбаевтың стилі дейді көзін көргендер. Ал жыр додасында Райымбек ауданынан келген Айбын Жәмәли бас жүлдені жеңіп алды.

Қатысты Мақалалар