«Астана кеші көңілді»

/uploads/thumbnail/20170708151637211_small.jpg

«Астана кеші көңілді» отандық көрерменге музыкалық ойын-сауықтық думанның сапалы үлгісін көрсетеді. Әр концерт, әр шығарылымда тұрақты айдарлар болмақ. Олар: “Жұлдызды караоке”, “Сіз туралы әңгіме”, “Әзіл әлемі”, “Би алаңы”. Бағдарламада бір емес, екі ән қатарынан орындайтын, бағдарламаның қызығына айналатын басты әнші болады. Осы негізгі әртіске байланысты арнайы айдарлар дайындалады.

“Сіз туралы әңгіме”

айдарында әртіске қатысты өтірік-шыны, әзілі аралас қилы өсекті жинап, ақ-қарасын қонақтан сұрап аламыз. Ол жылдам қойылған сұраққа ойланбастан “иә” немесе “жоқ” деп қана жауап бере алады. Бағдарламаға әсем әнін арқалап келген тағы бір әншіге бір әннің мәтіні әзілмен өзгертіліп беріледі. Ән мәтіні суреттер, видеомен әрленіп, LED-экран арқылы көрсетіледі. Қонақ сол әнді достарымен бірге

“Жұлдызды караоке”

айдарында шырқап беруі керек. Әр шығарылым сайын еліміздегі әзіл-сықақ театрлары, КВН топтарының Жайдарман топтарының миниатюралар топтамасы, скетч-көріністерінің тұсауы кесіледі. Театр, топ ұжымдары еш жерде жарық көрмеген үздік әзілдерін “Астана кеші көңілді” сахнасында көрсетпек. «Астана кеші көңілді» Ұлыстың ұлы күні, 22-наурыз, кешкі сағат 21.20-да Астана арнасынан көрсетіледі. Бағдарламаның осы шығарылымындағы қонақтары: Айнұр Тұрсынбаева Нұрғали Нүсіпжанов «Құстар» Бүркіт пен Аиша «Мекенім Қазақстан» Нұрлан Абдуллин «Ауылым-әнім» «Дервиши» тобы «Тойнамэ» Акапелла Vid_MeN «Сұлу қыз» Бағдарлама жүргізушілері танымал КВН ойыншысы Нұрдәулет Шертім, көрермен көзайымына айналған Ақкенже Әлімжан және ерекше дауыс иесі әнші Жанар Дұғалова.    

Қатысты Мақалалар