Қаладан ауылға бір таксиге Қазақстан әуе қорғаныс күштерінің бір қызметкерімен бірге отырып қалдым. Жеткенше біраз әңгіменің басын қайырдық. Сондағы екеу ара диаголог тың қысқарған түрі. - Не істейсіз? - Әуе қорғанысында. - Әскеріміздің күші қалай? - Болады, жаман емес. - Орта азияда Қазақстан мен Өзбекстан көш басшылыққа бәсекелес ел саналады. Алда – жалда (құдай бетін аулақ қылсын) келіспей қалып соғысып қалсақ кім мықты? - Алып қоямыз, біз мықтымыз. - Қалай сонда, қай жағынан мықтымыз? - Ей, ештеңе жоқ, болмай бара жатса Ресей бар, Ресей бізді қорғайды, бізді беріп қоймайды өзбекке. Не айтарымды білмедім. Аузым жабылды, сұрақ-жауап тоқтады. Бізді жаудан қорғайды деп әскерлерімізге сеніп жүрсек, әскерлеріміз біздің жауымызға сеніп жүріпті.