Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің басшылары Пекинге екі күндік саммитке жиналды. 6 маусымда басталатын саммиттің күн тәртібінде Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен Ауғанстандағы жағдай бірінші кезекте тұр. Қытай ұйым елдері терроризмге қарсы күрес жоспарын бекітуі мүмкін екенін айтты. Ол бұған қоса Орталық Азиядағы инфрақұрылымды дамыту мен жобаларды қаржыландыру жайы талқыланатынын жеткізді. 2001 жылы аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында құрылған ШЫҰ қазір экономикалық, мәдени, және басқа да салаларда ынтымақтастық орнату қызметін де атқарып келеді. Ұйымға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан мүше. Саммитке Ауғанстан, Үндістан, Моңғолия және Пәкістан басшылары бақылаушы ретінде қатыспақ.
Дереккөз: Азаттық
Пікір қалдыру