АҚШ-та «Мен сенің кемпіріңді тартып алам» дейтін шал пайда болды

/uploads/thumbnail/20170709034134353_small.jpg

АҚШ-тың Техас штатының тұрғыны 54 жастағы Ирвин Рэндл Инстаграм әлеуметтік желісінде өзінің селфилері мен күнделікті өмірінен суреттер жариялап тұрған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Metro –ға сілтеме жасап.

Рэндлдің екі немересі бар, өзі бастауыш мектептің мұғалімі болып жұмыс істейді.

Дегенмен өмірі мүлде өзгеше бұл ер адам соңғы сән үлгілерімен киінеді: қысқа джинсы шорти, ашық түсті жейделер мен ерекше костюмдер киеді.

Рэндлдің инстаграм парақшасында 96 мыңнан астам жазылушылары бар.

Әлеуметтік желіні «жарып» жүрген егде жастағы ер адам суреттерінің астына #MrStealYourGrandma («Мен сенің кемпіріңді тартып алам») деген хештег қолданады.

Өзінің киіну стилі туралы сұраққа Рэндл әрқашан сәнді киінгенді жақсы көргенін айтады.

Рэндл бұл әуестікпен спорттық киімдерді қолдау және сыртқы келбетін көрсету үшін айналыса ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Алайда ол үнемі спорттық киімі мен спорт залдарда түскен селфилерін үнемі жариялап отырады.

Қатысты Мақалалар