Жамбыл обысында Конго-Қырым қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды

/uploads/thumbnail/20170709044140024_small.jpg

Жамбыл облысында Конго-Қырым  қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен Сарысу ауданының екі адамы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды  Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«19 және 20 шілде күндері Сарысу ауданының Саудакент ауылдық ауруханасына  Конго-Қырым  қанды безгегін жұқтырды деген күдікпен екі адам - 40 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел адам жатқызылды. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Эпидемияға қарсы шаралар жасалуда» деді аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.  

Айта кетейік, сәуір айында кене шаққан Байзақ ауданының тұрғыны көз жұмған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, Байзақ ауданы осыған дейін Конго-қырым қызбасының ошағы бар аймаққа жатпаған, енді Жамбыл облысының сондай аймақтарына жатқызылатын болады. Облыс бойынша Конго-қырым қызбасының ошағы Мойынқұм, Сарысу мен Талас аудандарында - 70 мың  адам тұратын 49 елді мекенде таралған болатын.

Қатысты Мақалалар