Алматыда еріктілер жадынан айырылған жігітті тауып алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы еріктілердің бірі Бекнұр Қисықов Фейсбук парақшасында жазды.
-Достар, іздеу барысында жадынан айырылған мына бір жігітті кездестіріп қалдым. Ол №7 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оны көлік қағып кеткен. Амнезия. Жасы шамамен 30-да. Кім екенін, үйі қайда екені есінде жоқ. Алматыда ағасы бар екенін айтады. Ауруханада жатқанына 1 апта болды. Мүмкін біреулер танып қалар. Өзін Махмұд Әлиевпін дейді. Бірақ бұл анық емес, - деп жазды Бекнұр Қисықов.
Оны білуі, тануы мүмкін деген адамдар іздестірілуде. Әзірге әлеуметтік желіде жазылған пікірдерде оны "білемін, танимын" деген адам табыла қоймады.