Айдос Сарым. Орыста да орыс бар...

/uploads/thumbnail/20170708151827949_small.jpg

Орыстың да орысы бар... Осы жақта емделуге келген екі Ресей азаматтарымен таныстық. Калуга деген жердің тумалары. Кәсіпкер жігіттер. Путинді иттің етінен жек көреді. Украинаны қолдап жатыр. Әрине, украиндар 5-6 жыл қиналар, бірақ Еуропаға кіріп, түбі дұрыс болады деп сенеді. Ең бастысы қоғамдары қатты өзгеріп, кәсіпкерлердің тынысы ашылды деп жатыр. Ырза болдым. Тағы бір әңгіме Қазақстандағы орыс телеарналары туралы болды. Елімізде көрсететін орыс каналдарын тізіп жатсам: - Сендер, қазақтарға осының барлығының не қажеті бар? - деп таң қалады. Оны қойшы, РТР, РТР-24 деген арналар да бар десем; - Сендер түгіл, оны біздер де көрмейміз. Шыли өтіріктің арнасы, зомбоканал! - деп кесіп айтады. Ал түсініп көр біздің үкіметті...

Қатысты Мақалалар