Бүлікке балалардың да қатысы бар. Түрік билігі дәл осындай айыптаулармен, елдегі әскери төңкеріске қатысы бар деген күдікпен балаларды да тұтқындап жатыр. Әңгіме Kuleli әскери мектебінің 15 пен 17 жастағы түлектері жайлы болып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz arhar.kz – ке сілтеме жасап.
Бүлікшілер мәжбүрлі түрде 118 балаларды әскери формаға кигізіп, патронсыз қару ұстатып қойған. Соған қарамастан тұтқында отырған балалар әлі күнге дейін ата-анасымен хабарласып, жүздеспеген көрінеді. Естеріңізде болса 15 шілдедегі әскери төңкерістен кейін елде жаппай тұтқындаулар мен қамаққа алу жүріп жатыр.