Моңғолия елінің қандастарымыз мекендейтін Бай-Өлке аймағында апат болып, 100 шақты үй қирап, 700-дей қазақ баспанасыз қалған. Әрине Моңғолия қазақтарына жәрбем берер моңғол елі бар. Талай қиындықты басынан кешiрген Моңғол елі бұл сынақтан да өтер. Дегенмен, апаттан кейiн амандықтарын бiлуге Қазақ елінен келген көмек олар үшiн үлкен күш, айбын болар еді. «Бiздiң де әл берер тәуелсіз еліміз бар екен-ау» демей ме ондағы қазақ ағайындар. Қазiр сол гуманитарлық көмектiң көлемi белгiлi болды. Ұзын-ырғасы 200000 мың доллардың дүниесi екен. Ал 200000 доллар дегенiңiз – Қазақстандағы бір бай бағланның үйі. Тіптен 700 Моңғолия қазағына 200000 долларды шаққаның өзінде жан басына 286 доллар тиеді екен. Әрбір қазақ жалғызым дейтін үкіметтің қазаққа істеген «дархандығы» дейміз бе бұны!?. Не десек екен, қазақ елі шеттегi қазақтардан қаржы аяды дейміз бе!?. Ал «Жас алаш» газетінде Қазақ елінің сыртқа көрсеткен демеу қаржысы келесідей көрінеді:
- Қазақстан 2013 жылы табиғи апаттан зардап шеккен Шри-Ланка мен Гватемалаға 978 мың доллардың көмегiн көрсеткен. 2014 жылы Ауғанстанға 1 млн 985 мың 917 доллардың азық-түлiк өнiмдерiн жөнелткен. Осы жылы Ресейдiң Благовещенск қаласындағы су тасқынына байланысты 240 орындық балабақша салу үшiн 379,3 млн теңге бөлген. Қазақстанның 2015 жылы Тәжiкстанға көрсеткен көмегiнiң жалпы құны – 4,7 млн доллар. Дәл осы жылы П.Порошенкомен кездескен Н.Назарбаев Украинаға 2 млн еуро гуманитарлық көмек жiберiлгенiн және бұл бағыттағы жұмыстардың ары қарай да жалғаса беретiнiн айтқаны бар.
Табиғи апаттар бiр жағынан тағдырдың сыны болса, екiншi жағынан кiмнiң кiм екенiн көрсететiн сынақ. Бұл қазақтың бірлігін, әлеуетін, Қазақ елінің экономикалық қуатын көрсеттетін, әлем алдында абыройы көтерілетін сынақ еді, әттең бұл сынақта Қазақ елі сүрініп кетті. Өйткенi әлемнiң көптеген елiне гуманитарлық көмек жасап, қыруар қаржысын шашып жүрген Қазақ елін тек «пиар» үшін істейді деп қана қабылдайтын болар.
Мәсiмов өзiнiң твиттердегi парақшасына Баян-Өлгий қазақтарының суретiн емес, Моңғолиядағы «Шыңғысхан» ескерткiшiнiң алдында түскен өз суретiн жариялапты... Оны қалай түсінуге болады!?.
Ерсін Ерғалиев