Есентаеваның қызы Instagram желісіндегі әкесімен түскен барлық суретін өшіріп тастады

/uploads/thumbnail/20170709044217931_small.jpg

Баян Есентаеваның қызы әкесімен түскен барлық суретін жеке парақшасынан өшіріп тастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz - ке сілтеме жасап.

Баянның сіңілісі танымал тележүргізуші Бағым Мұхитденованың сөзіне сүйенсік, Айару болған жайттың барлығын қабылдай алмайтын көрінеді.
Бағым Мұхитденова, Бақытбек Есентаевтың әпкесіне қол көтергендігін растады. Болған жәйттен кейін, Баянның кіші қызы Айару Instagram желісіндегі парақшасынан әкесімен түскен барлық суретін өшіріп тастаған.

Естеріңізге сала кетейік, 0ныншы маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын.

Белгілі болғандай, Бақыт Есентаев сол күні мас болған. Ол уақытша оқшаулағышқа қамауға алынып, Қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша әйелін өлтірмек болды деп күдіктелуде.

Есентаев өз кінәсін мойындады. Ол енді жеті жылға сотталуы мүмкін.

Ал 24 шілдеде Instagram желісіндегі beautyroom_dsatzhan ("Beauty Room" Астанадағы оқу орталығы) парақшасында Баянның бұрын-соңды жарияланбаған суреті шықты. Бұл сурет продюссердің болған жайттан кейінгі алғашқы жарияланған фотосы болуы мүмкін.

"Бізге ең талғампаз адамдардың өзі сенеді!" делінген суретте. Есентаеваның жанында тележүргізуші, бизнесвумен Динара Сәтжан отыр.

Айта кетейік, Баян Есенбаева 10 маусым күні ауруханадан шығарылған еді.

Қатысты Мақалалар