Пластик бөтелкелер адам ағзасын улайды

/uploads/thumbnail/20170709044221744_small.jpeg

Пластик бөтелкелердің адам денсаулығына зияны туралы бұрыннан айтылып жүр. Алайда тұрмыста қолайлы болғандықтан сусындар мен май түрлерін сақтап, тасымалдауда бұдан ыңғайлы ыдыс түрі әзірше табылмай тұр. Пластикалық ыдыс-аяқта сақталған тағамға сіңген химиялық улы заттар адам ағзасына түскенде денсаулыққа баяу түрде залал келтіреді екен. Бүгінде жұртшылық пластик бөтелкеге құйылған сусынды ішуге құмар. Кейбір кісілер босаған пластик ыдысты сақтап қойып, басқа да тағамдарды салуға пайдаланады. Ал бұның зияны орасан екенін  ғалымдар дәлелдеуде. Бұл туралы Qamshy.kz"The Sun"-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Пластик бөтелкені бірнеше қайта пайдалану ағзаның улануына, ақыры көптеген аурулардың туындауына әкеп соғады. Ғалымдар пластик ыдыс қанша жуылса да оған жабысқан бактериялар жойылмайтынын айтуда. Канадалық қоғам денсаулығына қатысты журналда жарияланған мақалада мектеп оқушылары  пайдаланған 76 бөтелкенің зерттелгені туралы жазылған. Бөтелкелерден улануға әкеліп соғатын бактериялардың жоғары деңгейі анықталған. Техас университетінің денсаулық орталығында жұмыс істейтін медицина ғылымдарының докторы  Ричард Уоллес зерттеу нәтижесінде «Улануға әкеп соғатын барлық бактериялар пластик бөтелкелерде бар» деген қорытынды шығарған. Сондықтан ғалымдар пластик бөтелкелерді үйде сақтамауға кеңес береді.

Қатысты Мақалалар