Павлодарда 121 келі есірткі жасырған азамат ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709044226728_small.jpg

Павлодар облыстық ІІД 121 келі 809 грамм марихуана және 8 келі 600 грамм гашиш жасырған ер азаматты ұстады, - деп хабарлайды Qamshy.kz pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасап.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Көкнәр-2016» іс-шарасы барысында қолға түскен 45 жастағы азамат үштен жеті жылға дейін сотталуы мүмкін.

-Күдіктінің үйінің ауласын тінту барысында 121 келі 809 грамм марихуана мен сегіз келі 600 грамм гашиш табылды. Барлығы сегіз қап есірткі тәркіленді. Аталмыш жағдай бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы төртінші тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, - деп жазылған хабарламада. 

Қатысты Мақалалар