Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирияның Алеппо, Дарайя, Манбиджа қалаларындағы жағдайға алаңдаулы. Соғыс болып жатқан бұл аймақта шамамен 200 000 бейбіт тұрғын бар. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Зейд Раад аль-Хусейн соғысушы тараптарды бейбіт тұрғындар арасында құрбандар санын мейлінше төмендетуге шақырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Алеппо, Дарайя және Манбиджа тұрғындары электр жарығынсыз, дәрі-дәрмексіз тіршілік етуде. Су мен азық-түлік тапшы. Жазықсыз адамдар көшелерде атыс кесірінен қаза болуда. ИГИЛ-дың бақылауындағы кейбір орындарда тұрғындарға үйден шығуға тиым салынған. Отбасылар мерт болған туыстарын зиратқа жерлеуге мүмкіндігі болмаған соң жертөлелерде көмуге мәжбүр. «Зейд Раад аль-Хусейннің сөзінше, Сирия «қаңыраған қорымға» айналды», — деді, Женевада өткен брифингте Жоғары Комиссардың ресми өкілі Руперт Коллвил. Аль-Хусейн әскери қылмысты жасаушылар күндердің бір күнінде қылмыстары үшін жасауап беретінін білгені жөн деген пікір білдірді.