Қытай билігі бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауға алды

/uploads/thumbnail/20170709044230869_small.jpg

Қытай үкіметі БАҚ-на жаңалықтарды келісімсіз жариялауға тиым салды. Елдегі ірі онлайн компаниялар тек дәйекті ақпараттарды ғана жариялай алады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

 Енді қытай ғаламторында мемлекеттік ақпарат құралдарында жарияланған хабарлар мен мақалалар ғана шығады.  Жаңа талап орындалмаған жағдайда медиа компания айыппұл төлейді. Осы арқылы қытай билігі интернет компанияларға ағымдағы жаңалықтарды, атап айтқанда саясат, экономикамен байланысты жариялымдарды, шет ел жаңалықтары мен әлеуметтік мәселелерді қозғаған мақалаларды рұқсатсыз жариялауға тиым салды.

Bloomberg-тің жазуынша, бұл Қытай үкіметінің елдегі барлық ақпарат құралдарын толық бақылауына әкеп соғады. Бұған дейін хабарланғандай, қытай басшылығы мобилді қосымшаларға бақылауды күшейтті. 1 тамыздан бастап күшіне енетін жаңа ережеге сай Ғаламтордағы ақпарат істері жөніндегі мемлекеттік канцелярия тарапынан ел аумағындағы мобилді қосымшалар қатаң бақыланатын болады. Сондай-ақ, мобилді қосымшалар сатылатын дүкендер де тексеріледі. Жаңа ережелер халықты терроризм қаупі, алаяқтық, порнография мен ақпарат ұрлығы, жалған ақпараттардың таралуы сияқты қатерлерді болдырмау үшін енгізілген. Бүгінде Қытайда мобилді қосымшалар дүкендерінде 4 миллионнан астам бағдарлама сатылуда.

Қатысты Мақалалар