Мексикада соңғы он жылда 75 қала мэрі өлтірілген

/uploads/thumbnail/20170709044232400_small.jpg

Қылмыстың ауыр түрінен дүниежүзінде бірінші орын алатын Мексикада өткен аптадағы демалыс күндері екі қала мэрі мерт болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Informador-дың хабарлауынша, Герреро штатындағы Сьюдад-Альтамирано қаласының мэрі Амбросио Сотоның көлігіне қарулы топ шабуыл жасаған. Шабуыл нәтижесінде қала басшысын күзеткен екі полиция қызметкері жараланған. Бұған дейін мәлім болғандай, 23 шілдеде Сан-Хуан-Чамулада (Чьяпас штаты) қала басшысына әкімшілікке наразы топ арасынан біреу оқ атқан.  Атыс кезінде бес адам қаза болған.

РИА Новости-дің мәліметі бойынша, жиналғандар қала басшысынан қоғамдық жұмыстар мен қолөнершілерді қолдауға қаржы бөлуді талап еткен. Атыста мэрден басқа екі шенеунік пен әкімшілік жүргізушісі және қаланың бір тұрғыны мерт болды. Жиналғандар көшелерді жауып, биліктен муниципалитет қаржысының жұмсалуы туралы есеп беруді талап еткен. Полиция жағдайды бақылауға алды.

Қатысты Мақалалар