Жемқорлықта шекара жоғын дәлелдеген хештег

/uploads/thumbnail/20170709044504199_small.jpg

Кешелі бері Фейсбук желісінің қазақстандық сегментінде #қаншаданболыпжатыр хештегі пайда болып, онда желі қолданушылары өздерін ненің бағасы толғандырып жүргенін жазуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Осындай хештегпен жарияланған 50-ден астам жазбада қолданушылар түрлі сұрақтар қоюда. Бірі оқуға «түсудің» қнын білгісі келсе, енді бірі жемқорлық жүйені пайдаланып, әскери билет, жүргізуші куәлігін, сабаннан тұрғызған үйіне техникалық құжат алғысы келеді. Жыр болған «10 сотық жер» кезегіне тұрудың «қаншадан болып жатқанын» сұрағандар да бар. Үйлену тойы, қыз ұзатудың, тіпті, сақал өсіретін дәрінің құнын сұраушылар да жоқ емес.

Қатысты Мақалалар