Bookmate жобасы аясында қазнет блогерлері арасында ең көп оқылған кітаптар анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz kapital.kz-ке сілтеме жасап.
Сауалнамаға Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан қатысқан 31 блогердің басым бөлігі «Абай жолы» эпопеясын оқығандарын айтқан.
Сонымен, блогерлердің көмегімен анықталған үздік бес кітабы төмендегідей:
«Абай жолы» романы - М. Әуезов;
«Мастер и Маргарита» романы - М. Булгаков;
«1948» романы – Джордж Оруэлл;
«Қылмыс пен жаза» - Ф. Достаевский;
«Алтын бұзау» романы – И. Ильф, Е. Петров;
Былтыр ең көп оқылған үздік бес шығарма қатарында Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» романы, Э. М. Ремарктың «Үш жолдасы», Ш. Мұртазаның «Қызыл жебесі», Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы, Г. Робертстің «Шантарам» шығармасы аталған.
Екі сауалнамада да Мұхтар Әуезов, Эрих Мария Ремарк, Бердібек Соқпақбаев, Федор Достоевский, Шерхан Мұртаза ең көп оқылған авторлар деп танылған.
Классикалық әдебиет үлгілерінен басқа блогерлер тарихи публицистикаға, бизнес туралы, ғылыми кітаптарға да көңіл бөлетіндерін айтқан.