Павлодарда Карл Маркс көшесі бойындағы үйлердің бірінен екі спорт велосипедін ұрлаған белгісіз іздестірілуде. 24 шілде күні таңғы 4.00 шамасында белгісіз біреу үйдің ауласына кіріп «Кьюб» маркалы екі спорт велосипедін ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
- Келтірілген шығын - 490 мың теңге. Егер сіз аталмыш жағдайдың куәгері болсаңыз немесе естіп, білгеніңіз болса 37-15-01, 37-15-07 және «102» нөмірлеріне хабарласуыңызды өтінеміз. Сіз берген ақпарат жасырын түрде қалады, - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.