Қаламы әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес осындай ақпарат таратып отыр. Тіпті, 20 тамызда жер сілкінісіне дайныдық, сейсмологиялық проблемаларды шешуге арналған қоғамдық тыңдау өткізуді де жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Тибет, Гималай және Тянь-Шань жақтарынан Алматы қ. орналасқан Солтүстік Тянь-Шань жаққа күшті жерсілкінісі ошақтарының қарқынды көшуіне байланысты Солтүстік Тянь-Шань аймағында сейсмикалық жағыдайлардың ерекше қарқыны мен таяу жылдары күшті (апатты) жерсілкінісінің туындау мүмкіндігі байқалады.
Таулы аймақтарда соңғы екі жылдың өзінде-ақ мынадай жолменен күшті жерсілкіністері болып өтті: Үндістан, Непал, Солтүстік Ауғаныстан, Тәжікстан, Қырғызстан. Үнді тас қабатының Еуразия жаққа жылжуы болып жатыр. Алматы қаласының оңтүстігінен Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 2015 жылдың 15 наурызында жерсілкінісі болды. Бұл Алматы қаласында 4-5 балл қарқындылықпен сезілді, 2016 жылдың 26 маусымында Алматы қаласынан 526 км қашықтықтағы Қырғызстан аумағының эпицентрінде 8 баллдық қарқындылықта болған жерсілкінісі Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында сезілді. 2016 жылдың 12 шілдесі. Алматы қаласынан 50 км қашықтықта Талғар шыңының артында оңтүстік-шығыста 5,2, магнитудалы жерсілкінісі болды, бұл Алматыда 2-3 балл қарқындылықпен сезілді.
Бұл жерде Алматы облысының, оның ішінде Қазақстанның алып шаһары Алматы қаласының аумағы кіретін Солтүстік Тянь-Шань аймағы бүкіл Орталық Азиядағы мейілінше сейсмикалық қауіпті жерлердің бірі болып табылатындығын атап өтсек те болады», - делінген Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің әлеуметтік желіде жарияланған жазбасында.
Қоғамдық кеңес мүшелерін сейсмикалық жағыдайларды бақылау және Алматы қаласы аймағындағы күшті жерсілкінісіне дайындалу үдерісін қадағалау саласындағы бір топ проблемалар алаңдататын секілді.
«Қосымша тағы да мына мәселеге тоқталып өткен жөн, яғни, халықты күшті жерсілкінісіне дайындау бойынша керекті іс-шаралар қабылдау қажет. Халық пен билік құрылымдары жойқын жер сілкінісі кезінде өзін-өзі қорғау және өзара көмек көрсету проблемасына толыққанды назар аудармайды. Тарихтан абақ алу өте тез ұмытылып кетеді. Байқалатын төзуге болатын сейсмикалық тыныштық алдамшы, уақытша болып табылады.
Осыған байланысты халыққа, сол сияқты ұйымдар мен кәсіпорын басшыларына арнап, жалпыға ортақ түрде Жадынамалар мен ұсынымдар шығару қажет, Алматы қаласы әкімдігі мен ТЖД тарапының тікелей басшылығы арқылы бүкіл мектепке дейінгі, мектеп және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелерде жүйелі түрде сейсмикалық жаттығулар өткізу қажет», - делінген хабарламада.
Кеңес хабарламасында осы бағыттағы нақты мәселелер нақты аталып отыр.
«Қаланың білім беру және медициналық саласының сейсмикалық қауіпті ғимараттарын күшейту бағдарламасы бар. Бірақ та бұл мәселені түбегейлі шеше алмайды. Жыл сайын сейсмикалық күшейтуге барлығы 20 нысан тартылады. Ал, Алматы қаласында тек қана мектеп, мектепке дейінгі және медициналық нысандардың өзі 500-ден астам. Оларды жөнге келтіру үшін қаншама жыл керек?», - деп дабыл қаққан кеңес мүшелері.
Кеңес мүшелері жойқын апаттың зардабын бәсеңдетуге арналған жобалардың да жоқ еместігін айтқан.
«Тұрғын үйлерге келетін болсақ, олар жекеменшікке өткен және тұрғындарға тапсырылған. Олардың барлығын таяу жылдары күшейту іс жүзінде мүмкін емес. Ал күшті жерсілкінісі әр уақытта болуы мүмкін. Алматы қаласын, оның инфрақұрылымы мен халқын сақтап қалу үшін күтілетін жерсілкінісінің 9-10 балдық қарқындылығын 6 балдық қауіпсіз қарқындылыққа дейін азайту талап етіледі.
Осыған орай, біз Алматы облысы аумағында екі халықаралық сейсмикалық полигонын жасау туралы техникалық шешім әзірлеген едік. Бұл ұсынысты 2014 жылы ЮНЕСКО қолдады. М8 күшті жерсілкінісінің энергиясын әлсірету үшін мәселен, 700-ден 800-ге дейінгі сандағы М4 мейілінше әлсіз жерсілкіністерімен жүгін азайту қажет», - депті кеңес мүшелері.
Осыған орай, Алматы қалалық қоғамдық кеңесі 20 тамыз күні қоғамдық тыңдау өткізбек. Онда техника ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА академигі, Сейсмология және сейсмикалық берік құрылыс жөніндегі ЮНЕСКО-ның сарапшысы, «Сейсмология институты» ЖШС директоры, Таңатқан Абақанов баяндама жасайды деп күтілуде.
Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің сейсмикалық ахуалға қатысты атаратқан ақпаратының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыз.