Астана әкімі автобус жүргізушісін жазалады

/uploads/thumbnail/20170709044601231_small.jpg

Астанада жолаушылардың ескертуіне құлақ аспай, жылдамдықты  арттырып, аяғын терезеден шығарып “еркелікке” салынған автобус жүргізушісін әкімнің өзі жазалады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

-Бүгін “Астана қалалық транспорттық бақылау қызметіне” жолаушылар тасымалдайтын Z 062 DC мемлекеттік нөмірлі 4-ші маршруттағы автобус жүргізушісіне байланысты шағып келіп түсті. Аталған дерек бойынша 24 шілде күні автобус жүргізушісі Жұбаныш Жұмабеков ТБҚ-ға істің ақ-қарасын анықтау үшін шақырылды. №2 Автобус паркі” ЖШС бұйрығымен 25 шілдеден бастап жүргізуші Жұбаныш Жұмабеков еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, ҚР еңбек кодексі 64 бабы 3 тармағы негізінде қатаң түрдегі сөгіс жарияланып, 25 шілде – 1 тамыз аралығында Астана қалалық транспорт мамандарының білімін жетілдіру орталығына қосымша оқу жұмыстарына жіберілді. Ол оқу аяқталған соң тапсырылған емтихан нәтижесі мен психологиялық тест қорытындысы бойынша оның автобус паркіндегі жұмысын жалғастыру мәселесі шешіледі, – дейді Астана әкімі Әсет Исекешеев.

Ал жүргізуші өз түсініктемесінде жолаушылар тасымалы кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғанын толығымен мойындаған.

Қатысты Мақалалар